Жуырда елімізге «Өнер қырандары» деген атпен танымал сахна өнерпаздары қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына барып, Ұмра қажылығын өтеді. Қасиетті Қағбаны тауап етіп, Харам мешітінде құлшылықтарын орындаған олар Әз Пайғамбардың табаны тиген киелі жерлерде еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі үшін Жаратқаннан дұға тіледі.
Дінге, имандылыққа бет бұрып жүрген театр саңлақтары осы киелі сапардан үлкен әсер алғандарын жасырмады. Сондай-ақ олармен бірге «Сұңқар» тобының әншілері де ұлы сапарды өтеп қайтты.
Айта кетейік, Өнер қырандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс-шараларына өз өнерлерімен үнемі қолдау көрсетіп келеді. Жігіттерді шын жүректен құттықтап, өтеген құлшылықтарының қабыл болуын Жаратқан Алладан тілейміз.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Умра (алдыңғы) умра екеуінің арасындағы (күәлардың) өтемі, ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек қана жәннат», — деген. (Бұхари, Муслим).




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2015
3875
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру