«XXI ғасырдағы ислами ой-пікірлер: дәстүр мен жаңару бірлігі» деген тақырыптағы халықаралық конференция Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналуда. Қазақстан атынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдниеті университетінің ректоры профессор Жуда Басюни мен университеттің аппарат жетекшісі, Бас хатшы Болатбек Абуов қатысып жатқан халықаралық конференцияға Ресей, Түркия, Иран, Сауд Арабия Корольдігі, Кувейт, Белоруссия, Катар, Қырғызстан, Нидерланд, Сирия, Тажікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Финляндияның ғылыми-ағартушылық және ғылыми-зерттеу орталықтарындағы жетекші ғалымдар мен құрметті қонақтар қатысуда.
Конференцияда «XXI ғасырдағы діни-философиялық және саяси-құқықтық ой-пікірлердің даму сатылары», «Классикалық ислами ой-пікірлердің дәстүрлері мен дамуы», «Санкт-Петербургтегі ислам мен мұсылмандық ой-пікірлердің дамуы: кеше, бүгін және ертең» тақырыптары талқыланып, мамандардың дөңгелек үстелі мен ғылыми пікір-таластар, ғылыми-зерттеу және баспа жобалары, оқу-әдістемелік материалдардың тұсаукесері өтпек.
Ғылыми бас қосуда құрметті қонақтар Бүкіләлемдік мұсылман ғалымдар одағының Бас хатшысы доктор Али Мухиддин Ал-Карадаги мырза дәрісінің ашылу салтанаты өтпек.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған конференция аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен Ленинград блокадасының куәгерлері мен мұсылман жамағаттарының белсенділері үшін Санкт-Петербург пен Ленинград облысының мухтасиб-имамы, РФ МДБ төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мұхетдиновтың атынан салтанатты кеш ұйымдастырылып, арнайы дастархан жайылмақ. Кеңес Одағының Батыры Маулид Висаитовқа арналған деректі фильмі көрсетілмек. Конференция қатысушылары Мемлекеттік Эрмитаждағы ислами жәдігерлерді тамашалап, Санк-Петербургтегі Бас мешіт жамағатымен намаз оқиды. Халықаралық конференция 19 мамырда аяқталмақ.
Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2015
3039
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру