ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы, Алматы орталық мешітінің Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы «Әбу Ханифа» медресесі дайындық курсының шәкірттерімен кездесіп сұхбаттасты.
Биылғы жылы Әбу Ханифа медресесіне түсу үшін алыс-жақын жерлерден жиналған шәкірттер үшін қаланың Бас имамымен сұхбаттасудың сәті түсті. Діни оқуға енді ғана қадам басқан шәкірттердің көкейінде жүрген сауал көп. Бас имам оларға Алланың жолында қызмет етудің мән-мағынасы, ал ол үшін білім алудың, білімді дұрыс қайнар көзінен алудың маңызы жайлы түсіндірді.
Өзіне зейін қойып тыңдаған шәкірттерге Нұрбек қажы Есмағанбет: «Медресенің берер білімі мен тәлімі ерекше. Халқымыздың талай ойшыл-ағартушылары медреседен тәлім алған. Сондықтан медресе білімін азсыңбаңыздар. Университетке баруға да асықпаңыздар. Осы жердің білімімен сусындасаңыздар университетте де, өмірде де қиналмайсыздар. Бұл медреседе қызмет атқаратын ұстаздардың барлығы жоғары білімді, білікті. Арнайы Мысырдан келген араб ұстаздардың сабақ беруі өз алдына бір ғанибет. Медресе Алланың нұры жауған имандылықтың мекені іспетті. Бұл Алланың шынайы мұсылман болам деушілерге жасап жатқан нығметі деп білеміз. Сондықтан білім жолында аянбай еңбектеніңіздер»,- деді.
Сондай-ақ Бас имам шәкірттерге ҚМДБ-ның тыныс-тіршілігі, бағыт-бағдары, қабылдаған құжаттары жайлы мағлұмат берді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.05.2015
3104
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру