Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда кезекті жәрмеңке өтті

18.05.2015 3346 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің намазхан әйел жамағаты бірнеше айдан бері облыстық мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді. Қоғамда көмекке зәру жандар көп-ақ. Бірақта олардың барлығына бірдей қол ұшын беру қиын. Ал көбіне үй шаруасында отыратын ханымдар да Алла жолында садақа беріп, сауапты іс жасағысы келеді. Сауапты істі әркім өз шамасына қарап жасайтыны белгілі. Дегенмен ақтаулық әйел жамағаты өз үйлерінде пісірген түрлі тағамдарын жәрмеңкеге шығарып, сатып, түскен қаржыны мешітте тізімде тұрған жағдайы төмен отбасыларға үлестіріп келеді.

Дәстүрге сай облыстық мешіт ауласында кезекті қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, 175 мың теңге қаржы түсті. Облыстық мешіт ауласында салынып жатқан медресеге дайындық курсының ғимаратына қолдау білдіріп, түскен қаржыны медресе құрылысына берді. Алла олардың жасаған садақаларын сауаптан жазсын деп тілейміз. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру