Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектеп бітіруші түлектермен кездесті

18.05.2015 3271 0 пікір

Қазіргі таңда қоғамда күн тәртібінен түспейтін келелі мәселелердің бірі – жастар мен тұрғындарды дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру, оның алдын алу болып табылады.

Жыл басынан бері ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен жалпы білім беретін оқу орындарында жасөспірімдермен кездесулер ұйымдастыру жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Осындай кездесулердің бірнешесі қаламыздағы №4, №23, №9, №136, №189 орта мектептерде ұйымдастырылып, оқушыларға алдағы уақытта дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына түсіп қалмау жолдары, дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтары түсіндірілді.

Уағыз-насихатты Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт жүргізді.

Кездесулерге қатысушы оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандардан жауаптарын алды.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру