Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттерге сертификат табысталды (ФОТО)

18.05.2015 2982 0 пікір

ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, Таугүл-3 мешітінің жанынан сауат ашу курсы ашылып, мешіт жамағатына күнделікті сабақ кестесі қойылған болатын. Жуырда сауат ашу курсын оқыған 40-қа жуық шәкірттерге сертификат берілді. Оның ішінде мектеп оқушысынан бастап, орта жастағы ағаларымыз, үлкен қария аталарымыз бен әжелеріміз сабақ алды. Құран оқуды білмей келген шәкірттер Құранға түсіп, соңғы он қысқа сүрені жаттап шықты. Жалғасырушы топтар болса, Құранның түп нұсқасынан оқуды үйреніп, тәжуидтен дәрістер алды. Бір таң қаларлығы, жаттау қабілетіміз төмен деп жүрген ақ жаулықты әжелеріміз Мүлк сүресін толықтай жаттап шықты.

Шәкірттер енді сауат ашу курсының келесі деңгейіне өтіп, білімдерін тағы да тереңдете түспек. 

Таугүл-3 мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру