Атырау қаласы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен даярланған «Өмірзая» атты көркем фильмінің (телесериал) тұсаукесер рәсімі өтті.
Аталған шараға мемлекеттік, құқық қорғау органдардың, ЖОО-ы, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
«Өмірзая» көркем фильмінде қазіргі қазақ отбасындағы дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың кесірінен болып жатқан трагедия бейнеленеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды насихаттайды.
«Өмірзая» фильмінде Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық драма театрының әртісі Н.Сәрсенбаев пен Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртісі, Мәдениет қайраткерлері С.Қожабеков, А.Мұхтарова мен әртістер Қ.Ізет, М.Макулов, Б.Зейнуллиндер өнер көрсетті. Фильмнің режиссері – Асқар Әшімов.
Туындының тұсау кесер рәсімінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы құттықтау сөз сөйлеп, фильмнің режиссеріАшимов Асқар Тұрғанбекұлы және Нух рөлін сомдаған актер Сәрсенбаев Нартай жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
Жиын соңында «Өмірзая» көркем фильмінің түсіріліміне атсалысқан актерлер мен теолог мамандарды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 5 сериялы көркем фильм алдағы уақытта «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан көрсетіледі.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.05.2015
3998
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру