Бүгінгі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан діни оқу-ағарту оның ішінде діни сауат ашу курстарының жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Себебі дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабымызды және Матуриди ақидасын насихаттайтын бірден бір жол осы – мешіт жанындағы діни сауат ашу курстары.
Осыған орай, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.Керімбек облыстық орталық мешітінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша діни оқу-ағарту жұмыстарына жауаптыларымен кездесті.
Басқосуда облыстың Бас имамы алдағы келе жатқан жазғы демалыстарды діни сауат ашу курстары үшін пайдаланып, мектеп оқушыларына ҚМДБ-ның діни оқу-ағарту бөлімінің дайындаған арнайы бағдарламасы бойынша сабақ беруді тапсырды.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.Керімбек саннан сапаға өту керектігін ескертіп, басқа да өзекті бір қатар мәселелерге тоқталып өтті.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.05.2015
3251
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру