Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қайрымдылық көмегі Қарағандыға жеткізілді

15.05.2015 2984 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен облысқа қарасты барлық мешіт имамдары мен орталық мешіт ұжымы 3 күндік айлық жалақыларын жинап, Қарағанды облысына тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге қайырымдылық көмек ретінде қаражат аударды.

Сауапты істің жүйелі жүргізілуі жөнінде екі облыстың өкілдігі арасында келіссөздер жүргізіліп, Қызылорда халқының жолдаған қаражатына қажетті заттар алынып, Бұқар жырау ауданына қарасты Жарасбай, Жаңа қала, Жастілек ауылдарына қайырымдылық көмегі көрсетілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының  тапсырмасын негізге ала отырып,  өкіл имамның кеңесшісі әрі көмекшісі Нұржігіт Мұсабеков ауылдардағы ағайындармен жүздесіп, 1,5 тоннаға жуық күнделікті тұтынатын азық-түліктерді әрбір шаңыраққа үлестіру шараларын жүргізді.

Уақытшалық қиыншылыққа тап болған тұрғындар жағы қиын-қыстауда демеп, қолдау көрсеткен жандарға, ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілдігіне, жалпы Қызылорда жұртшылығына разылығын жеткізді.

Қарағанды облыстық орталық мешіті


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру