Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық: «Барыңмен бөліс!»

15.05.2015 3324 0 пікір

Күндердің сұлтаны болған әрбір қасиетті жұманы үлкен құрметпен қарсы алып, осы күннің құрметіне орай  әртүрлі қайырымдылық  шараларын  ұйымдастыру «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметінің  бұлжымас қағидасына айналған.  Мешіттің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі жыл басынан бері мүміндердің мерекесі болған  жұма күнін мол-мол сауаптармен қарсы алу мақсатында әр аптаның бейсембі күндері арнайы тізім бойынша мұқтаж болған отбасыларға және көп балалы аналарға азық-түлік пакеттерімен қоса демеуші-қолдаушылар арқылы жиналған киім-кешектерді үлестіреді. Дәстүрлі шара осы жұмада да жалғасын тауып «Барыңмен бөліс!» қызметі арқылы 20 отбасына азық-түлік пакеті берілсе, қартайған  мүгедек қарияға  арнайы арба, таяқ, ал 50-ге жуық отбасына балалар киімі, аяқ киімдермен көмек жасалды.

«Біз орталық мешіттің  «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметтін тұрақты жүйеге келтірдік. Осы қызмет арқылы 2015 жыл басынан бері 400 мыңнан астам теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілсе, 500 мыңға жуық  теңге көлемінде азық-түліктің және басқа да әртүрлі  қажетті заттар арқылы  қайырымдылық шаралары тұрақты жүргізіліп көпшіліктің алғыс-батасына бөленуде. Бұл қызметті арықарай да қолдап отыратын боламыз»,-дейді «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Бас имамы Нариман Ермекұлы.

Мейірім мен рақымшылдықтан туындаған қайырымдылық атты асыл қасиет иесі болуға ұмтылып, бір Алланың ризалығын алуға тырысайық ағайын!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру