Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам мұнайшылармен кездесті

15.05.2015 2954 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков облысымыздағы ірі мұнай компанясының бірі «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның орталық ғимаратында мұнайшылармен кездесті. Мекеме басшылығы өкіл имамды арнайы шақырып, «Діни экстремизм қоғамға төнген қауіп» атты кездесу өткізді.

Жаһанды алаңдатып отырған діни эксремизм мен лаңкестік біздің қоғам үшінде өзекті проблемаға айналды. Өкіл имам дін атын жамылған экстремистік әрекеттердің қаншалықты қауіпті екенін жан-жақты түсіндіріп, олардың мақсатын ашып айтып берді. Мұсылман қоғамының басты проблемасына айналған уаһһабизм немесе салафизм ағымының ылаңы кім-кімді бей-жәй қалдырмай отыр. Аталмыш ағымның көксеген мақсаты мен жасап жатқан идеологиялық әрекеттерінің жастар арасында қалай таралып жатқанына тоқталған өкіл имам, мұндай жат ағымдармен қоғам болып күресу керектігін баса назарда айтып өтті.

Анығында ислам ешқандай да «изм»-дерге қатысы жоқ екені әмбеге аян. Бірақ соңғы уақытта тұрғындар балаларын мешітке жіберуге қорқатын жағдайға жетті. Намаз оқыған баласы мен қызына үрке қарайтын болды.

Өкіл имам кездесу соңында мұнайшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын да тыңдады. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру