Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кезекті екі айлық сауат ашу курсы аяқталды

14.05.2015 3357 0 пікір

12-наурыз күні өз жұмысын бастаған «Иманғали» орталық мешіті жанындағы екі айлық білім беру курсы аяқталды. Курстың аяқталу салтанатында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі,  «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Мансұров, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Е.Шохаев, мешіт ұстазы Салауат Мәжитов, "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының директоры, дінтанушы Қ.Жұмағұл құттықтау сөз сөйлеп, курсқа қатысқан 23 тәлімгерге арнайы сертификаттарды табыс етті.

Курс барысында өңіріміздің өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы және елімізге белгілі дінтанушы ұстаздар Қанат Жұмағұл, Өсімхан Тілеуов, Нұрсұлтан Дәрібаев, Салауат Мәжитов, Талғат Сейдалиев, Мұрат Досаналиев, Бекжан Қашқынбаев сынды дін саласының білікті мамандары дәріс өткізіп, білім берді.

Діни сауат ашу курсы Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанындағы орталықта оқытылды. Сонымен қатар, білім алушы тәлімгерлер үш мезгіл тамақ, жатын орын, тегін оқулықпен қамтамасыз етілді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру