Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өткен ғасырдың ғаламат ерлігі ұмытылмақ емес

14.05.2015 3130 0 пікір

ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбектің тапсырмасымен қаланың Бас имамы Бақдаулет Абдрахманов облыстық «Ардагерлер үйінде» болды.

«Бүгінгі жарқын болашағымыз үшін күрескен аталарымыз бен әжелерімізге біз де лайықты құрмет көрсетуге тиіспіз. Өткен ғасырдың ғаламат ерлігі ұмытылмақ емес. Қазақстаннан 1,5 миллионға жуық азамат қатысқан соғыста 495 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Бұл ұлтымыздың жауынгерлік рухының жоғары екенін, қайсар да өжеттілігін білдірсе керек», - дейді қаланың Бас имамы Бақдаулет Абдрахманов.

9-мамыр мерекесіне орай қарияларды құттықтап қайтуға арнайы барған қаланың Бас имамы  қарттардың алғысына бөленді. Өмірден өтіп кеткен кісілердің, соғыста шейіт болғандардың рухына Құран бағышталған соң, қарттарымыз бүгінгі ұрпақтың келешегі, елдің тыныштығы, имандылық тақырыбында әңгіме қозғады. «Мемлекетіміздің тыныштығы мен тұтастығы жолында қызмет етіп жатқан азаматтар мен ел қамында жүрген Елбасымыз аман болсын», – дейді қариялар.

Жиын соңында ардагерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Қарттар ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп жатты.

Шымкент қаласы А.Қаттани мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру