Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет» қорының өкілдері Атырау жерінде (ФОТО)

14.05.2015 3336 0 пікір

Мамыр айының 13-күні Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған «Зекет» қорының жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында жиын өтті. Аталған шараға «Зекет» қорының директоры Әлішер Спанов, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков және өзге өңірлердегі өкілдер қатысты.

 Жиынды ашқан ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров мұнайлы өңірге ат терлетіп келген барша қонақтарға құтты қадам айтты. Сонымен қатар, «Зекет» қоры өкілдерінің біліктілігін жоғарылатып, кәсіби деңгейін дамытуға бағытталған семинардың сәтті өтуіне өз тілектестігін жеткізді.  

Өңірде басталған ҚМДБ «Зекет» қорының семинар жұмысына Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков және Атырау қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы, теолог Қанат Жұмағұл дәріс жүргізді.

Сондай-ақ, мұнан әрі де «Зекет» қорының өкілдері Бас мүфти тапсырмасына орай қордың құрылу мақсаты мен міндетін, сауапты істер мен қайырымдылық шараларды жиі ұйымдастыру және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспарын да өзара талқылайтын болады.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру