Елімізде жыл сайын мешіттерге келуші жамағаттардың қатары жастармен толығуда. Сонымен қатар, жас жамағаттардың дінге бет бұруын, олардың Ислам дініне деген қызығушылығы мен ілімін жетілдіргісі келетіндігін мешіт ұйымдастыратын түрлі діни байқаулардан байқауға болады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық «Нұр» мешітінде «Алланың сөзі ақиқат» атты Құран оқудан мешіт шәкірттері арасында жарыс өтті.
Жарысқа барлығы 11 шәкірт қатысты.
Алла сөзін жеткізуді, Қасиетті Құран оқуда сайысқан шәкірттер бірінен бірі асып тұрды деуге болады.
Шәкірттерге «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Мұхтар Гаджиев, «Нұр» мешітінің ұстазы, Абдулхалиқ Азизов, «Нұр» мешітінің бас имамы Марат Үркімбаевтар қазылық жасады.
Нәтижесінде І-ші орынды 9 жасар Мейіржанұлы Мұхаммед иеленсе, ІІ -ші орынды жарыстың ең үлкен қатысушысы Әлжанов Серік иеленді. ІІІ -ші орынды Байділдаев Азамат есімді 35 жасар азамат иеленді.
Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.05.2015
3927
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру