Жалпы адам баласы өмір сүру барысында анасына қандай мұқтаж болатын болса, өзі туып өскен отанына да сондай мұқтаж болады.
Отан дегеніміз біздің ортақ үйіміз. Біздің Отанымыз кең байтақ, алтыны мен кені мол, дамыған ел. Біз өз еліміздің бір кірпішіміз. Біз елімізді сүйеміз, мақтан етеміз. Қайда барсаң да әрқашан өз отаныңды аңсап, сағынып тұрасың. Әр адамға туған жер әрқашан да ыстық болады. «Туған жердің күні де, түні де ыстық» - деп бекер айтпаған.
«Отан үшін отқа түс күймейсің» деп дана аталарымыз айтып кеткеніндей, біздей кейінгі ұрпақтың бақытты тұрмысы үшін, дініміз бен діліміз үшін, еліміздің бір шымшым топырағы, бір жұтым суы үшін ержүрек ата-бабаларымыз Ұлы Отан соғысына қатысып аянбай ерлік көрсетті.
Сол соғыстың куәсі, көненің көзі, тарихтың сыры болған Ұлы Отан соғысының ардагері Шыңғысбаев Жұмақан Шәмшиұлы атамыз қазіргі күнде Әуезов ауданы, Таугүл-3 ықшамауданында немере-шөбересімен бірге бақытты өмір кешуде.
Осы жеңіс күні мерекесіне орай ҚМДБ-ның филиалы Таугүл-3 мешітінің бас имамы Нұржан Таласұлы өз ұжымымен бірге қазыналы қартқа сәлем бере барып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан батыр атамызды мерекесімен құттықтады. Осы кездесуде, имам соғыстың сұрапыл тарихын жаужүрек атамыздың өз аузынан естіп, қартқа құрмет көрсетіп, мешіт тарапынан теледидар мен діни заттар электронды жайнамаз, ораза туралы кітап, тақия, зәмзәм суы және т.б. сыйлықтар ұсынып, қарттың ақ батасын алды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.05.2015
3274
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру