Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы жарты жылын қорытындылады (ФОТО)

13.05.2015 2944 0 пікір

Алматы орталық мешітінде Бас имам Есмағанбет Нұрбек қажы қала имамдарының және орталық мешіт наиб имамдарының қатысуымен жарты жылдық атқарылған іс-шараларды қорытындылау және алдағы жоспарларды талқылауға бағытталған алқалы жиын өткізді.

Онда мешіттердің осы күнге дейін атқарған жұмыстарына баға беріліп, сын айтылды. Сонымен қатар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай алда келе жатқан Рамазан айына дайындық жүргізу, қариларды аттестациядан өткізу, балалар үшін жазғы сауат ашу курстарын ұйымдастыру, теріс ағымдардың алдын алу мақсатында жамағатты сауаттандыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру, жергілікті ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру, балалар күніне орай қайырымдылық шаралар өткізуге қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру