Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Болашақ дін мамандарымен жүздесті

13.05.2015 2801 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары  діни басқармасына қарасты «Орал» медресесінің бітіруші түлектерімен медресе директоры Руслан Сұлтанов кездесті.

Бұл кездесуге облыстық дін істері басқармасының бас маманы Мақсат Аралбайұлы, медресе директорының орынбасары Ержан Есім мен Әсет Романқұлов сынды ұстаздар қатысты.

Дәстүрлі шараны «Орал» медресесінің директоры Руслан Тыныштықұлы ашып, медресе бітіруші түлектерге Діни басқарманың қызметі мен оған қойылатын талаптар және асыл дінімізді өркениеті жолмен насихаттау жайын сөз етті. «Имам болу – сауапты да, жауапты қызмет.  Биылғы жылы медреседен екі түлегіміз «Үздік» диплом алғалы отыр. Ол ұстаздардың жемісті еңбегі. Алла Тағала сіз бен бізді дін қызметкері болуды қалағаннан кейін осы жолда аянбай тер төгуіміз керек. Елді бірлікке, білім мен ізгілікке, имандылыққа шақыру – бізге жүктелген зор міндет. Осы міндетті Алла мен адамдардың алдында абыроймен атқаруды нәсіп еткей», – деді  медресе басшысы.

Сондай-ақ, кездесуде оқу орынның басшысы медресе бітіруші түлектермен жеке-жеке сұхбаттасып, өз ойларымен бөлісіп, нәтижесінде 2 бітіруші түлек Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениет университетінде  оқуларын әрі қарай жалғастыратынын жеткізді. Ал қалған түлектерді Маңғыстау облысы мен Ақжайық өңірінің аудан, ауыл мешіттеріне қызметке бөлді.

Бітіруші түлектеріміздің дін жолындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша  баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру