Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам тікелей эфирде

12.05.2015 3253 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Қазақстан-Ақтау телеарнасындағы «Орта толсын» бағдарламасында тікелей эфирге шықты. Тікелей эфирдегі тақырып «Ережеп айы мен миғраж түні» жайында өрбіді. Исламдағы абзал үш ай жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ей, Алла! Ражап пен шағбанды бізге берекелі ет. Рамазанға қауыштырғайсың», - деп айтқандықтан аталмыш айларда нәпіл ғибадат жасағанның сауабы көп.

Өкіл имам тікелей эфир барысында ережеп айының артықшылығы мен миғраж оқиғасын жан-жақты етіп түсіндіріп, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 621 жылы миғраж түні 5 уақыт намаздың қалай парыз болғаны жайында түсіндіріп өтті. Тікелей эфир барысында облыс тұрғындары тарапынан бірнеше сұрақтар қойылса, Қарағанды, Жамбыл облыс тұрғындары тарапынан да сұрақтар қойылып жатты.  

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру