Атырау қаласының «Иманғали» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай, сұрапыл жылдарда көз жұмған батыр аға-апаларымызға дұға оқылып, дастархан жайылды. Шараға жергілікті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев арнайы қатысты.
«Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» демекші, дастархан басында бас қосқан облысымыздың ардагер ақсақалдары кешегі қантөгіс майданда өткерген жайттарымен бөлісіп, ендігі өмірде тыныштық бейбіт тіледі. Сонымен қатар, кейінгі ұрпақтың иманды болып, адасушылыққа бой бермеуіне шақырды.
Ардагерлер сөз соңында облыстың бас имамы Батыржан Берденұлына құрметпен қастерлеп, осындай дастархан жайғанына үлкен алғыстарын білдірді.
Бас имам Б.Берденұлы ардагерлерді алда келе жатқан жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен шыққан «Дін мен Дәстүр» атты кітабын және т.б. кітаптарды ардагерлерге ұсынды. Жиынға 20-дан аса соғыс және еңбек ардегерлері қатысты.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2015
4542
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру