ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық насихаттық топ мүшелері өңіріміздің аудандарын аралап, насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесулер ұйымдастырды.
Атап айтар болсақ, АНТ мүшелері Арал қаласы мен ауданда орналасқан бірнеше мекеме, мектептерде уағыздар жүргізді.
Оның ішінде Сөлтірес елді мекеніндегі елімізді тұзбен қамтамасыз етіп отырған «Аралтұз» мекемесі, Арал ауданында орналасқан локомотив депосының еңбек ұжымдарымен кездесу өтті.
Сонымен қатар, аудан орталығындағы бірнеше мектептерде болып, жасөспірімдерді жат ағымдардан сақтандыру жолдарымен таныстырып, тәрбие, білім төңірегінде уағыздарын жеткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2015
3930
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру