Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін мен дәстүр» егіз ұғым (ФОТО)

12.05.2015 3349 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің биылғы жылды да, «Дін мен Дәстүр» жылы деп жариялауына байланысты Талдықорған өңірі бойынша, Ескелді ауданына қарасты Ешкіөлмес ауылында  ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Имам Ағзам» мешітінің алаңында салауатты өмір салтын сақтай отырып, теңбіл доптан жарыс өтті.

Жарыстың нәтижесінен кейін, жеңімпаздар анықталып, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Келесі күні қаситетті жұма күні аталмыш мешіттің алдында айтыс өтті. Дүбірлі додаға Жетісу жерінің тумасы 2014 жылғы Алтын домбыраның иесі Балғынбек Имашев мырза, Балғынбектің ұстазы Айтақын Бұлғақов ағамыз және тағы басқа да елімізге танымал жас ақындар өзара сайысқа түсті. Жалпы айтыстың мақсаты жүйрікті анықтау емес, өнер деп емешегі езілген халықты өнермен сусындату, қасиетті дініміздің абыройын көтеріп дәстүрімізді дәріптеу болып табылады.

Айтыс соңынан қатысушы барлық ақындарға белгілі кәсіпкер Төлеген ұлы Жанат ағамыздың мұрындық болуымен қатар ақшалай сый-сыяпат жасалынды. Осынау қасиетті ұлық күнде Шымкент шахарынан арнайы келген белгілі дінтанушы ғалым Абдуғаппар Сманов мырза Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы жиылған жұртқа «Отанды сүю иманнан» тақырыбында уағыз айтып, ақ баталарын беріп, қуанышпен тарқасып жатты. 

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру