
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ТМД басшыларымен кездесу кезінде тарихтан сабақ алып, әлемдік қауіптің алдын алу керектігін мәлімдеді. Бұл жайында E-islam.kz хабарлап отыр.
Осы тұрақтылықты дұрыс сақтамау салдарынан бүгінде әлемді тұрақсыздықтың жайлап отырғанын тілге тиек еткен Елбасы әлемнің бейбіт тұрмысына халықаралық терроризмнің, оның халықаралық деңгейге көтерілген формалары мен масштабының қауіп төндіре бастағанын мәлімдеді.
«Барлық мемлекеттің ішкісаяси тұрақтылығы мен бейбіт дамуы қауіп алдында тұр. Осы зұлымдыққа біріккен күшімізбен қарсы тұруға болады. Терроризмге қарсы іс-қимыл көрсету үшін ТМД аясында кешенді құқықтық ұйым жүйесі құрылды. Осыған байланысты біздің құрған достастық құралдарының тиімділігін арттыру қажеттілігі пайда болды. Осы мәселелерді ТМД мемлекеттері басшыларының келесі отырысында қозғауға болады деп есептеймін» деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2015
3006
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру