Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ардагер ақсақалдар – «Әзірет Сұлтан мешітінде (ФОТО)

12.05.2015 3124 0 пікір

Елордамыздың сәніне айналған «Әзірет Сұлтан» мешітін бүгін бір топ ардагер ақсақалдарымыз зиярат етіп шықты. Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай Астана қаласына жиналған майдангер қарттарымыз құлшылық ордасына келіп, қаза тапқан қаруластарының рухына Құран бағыштады.

Еліміздің Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген ақсақалдарға «Әзірет Сұлтан» мешіті таныстырылып, қасиетті Құран Кәрімнің орта ғасырға тиесілі көне нұсқасы мен күмістен құйылған түрі көрсетілді. Егемен еліміздің бейбіт өмір сүруін дұғасынан тастамайтын ақсақалдарға ҚМДБ-ның жұмыстары жайлы айтылып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтауы жеткізілді. Бұдан бөлек, қарттарымызға құрмет ретінде арнайы сыйлықтар да табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру