Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Төлеби мешітінде Құран жарысы өтті (ФОТО)

12.05.2015 3471 0 пікір

Алматы қаласы «Төле би» мешітінде қыз-келіншектер арасында Құран жарысы өтті. ҚМДБ жанындағы ИБЖ Ислам институтының директоры,  «Төле би» мешітінің бас имамы Кенжеәлі қажының бастамасымен өткен бұл жарыс, Алланың әсем кәләмін оқумен басталып, өте қызықты өтті.  Жарыс 2 бағытта өрбіді:

1. 30-шы параны толық жаттағандар;
2. Жарты пара жаттағандар арасында.

Сайысқа Алматы орталық мешітінің  ұстазы Сапанов Талғат және Төле би мешітінің наиб имамдары Орынбасар Абдуллаұлы мен  Қалдаров Нұрболат төрелік етті. 

30-шы параны толық жаттаудан:

1-орын Жуаныш Замира
2-орын Шақкөзова  Әлия
3-орын Әбубәкірова Арайлым

30-шы параның жартысын жаттаудан:

1-орын Көмекова Бақтыгүл
2-орын Әбубакирова Шахида
3-орын Оразымбет Айдана
3-орын Ақберді Гүлданап

Сондай-ақ, барлық сайыскерлерге мақтау қағаздарымен бірге, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

«Төле би» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру