Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имамға мемлекеттік медаль табысталды (ФОТО)

12.05.2015 2945 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен Атырау өңіріне Батыржан Берденұлы тағайындалған күннен бастап облыстағы бірқатар игі шараларға ұйытқы болып келеді. Бас имамның бастамасымен облыстық дін саласында да тағылымды шаралар жүзеге асуда.

Өнегелі ісімен көптің алғысына бөленіп, елге қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп жүрген Батыржан қажы Берденұлын мерекелік медалімен құттықтап, еңбегіне береке, отбасына амандық тілейміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру