ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес қайырымдылық жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.
Тұрмысы төмен отбасыларына қол ұшын созып, керек жарақтарына көмек беруді үзген емес.
Мешіт ұжымының ұйымдастыруымен қаламыздағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатының бүлдіршіндеріне арнайы дастархан жайып, көңілдерін аулады. Атам қазақ «жетім көрсең жебей жүр» десе, Ислам дінінде жетім мен жесірге қамқорлық көрсеткендерге сауап шексіз.
Өз кезегінде көпшілікпен бірге ас ішіп, көңілдерін көтеріп, жақсы насихаттар естіген бүлдіршіндер өздеріне қамқорлық сыйлаған үлкендерге балалық көңілі мен ризашылықтарын білдірді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.05.2015
3709
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру