Ұлтымыздың дархан кеңпейілдігімен қатар тойқұмарлығы, даңғаза мал шашпаққа бейімдігі секілді ортақ қасиеттеріміз әрине, бәрімізге мәлім. Осы мінездеріміз ойын-сауық, той думанда ғана емес өлім-жітім, қайғы-қасіретте де қатар көрініс беріп жататыны жасырын емес. Әсіресе өлім шыққан жерде қонақасы,бірнеше жұмалықтар, жетісі, қырқы, 51 күні, 100 күні, жылдығы қатарлы шариғатта айтылмаған, әдет-ғұрыптарымызда да көп бола бермеген әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, қуанышты тойдан да әрмен байдың малын шашып, кедейдің артын ашатын «салт-дәстүрсымақ» әрекеттеріміз көбейіп, тіптен дамып бара жатқаны жасырын емес. Осындай келеңсіз әрі қоғамға жағымсыз көріністерге тосқауылдар қою мақсатында, сонымен қатар мәйітті жер анасынап тапсырар алды, тапсырған соң да атқарылып жатқан шариғатқа қайшы әртүрлі іс-әрекеттерді болдырмау, ол әрекеттеріміздің екі дүниеде де болатын зардаптарын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіттерге қарасты қызметші молдаларға арналған бір айлық оқыту, білім-біліктілігін арттыру семинары-сабақтар басталды.
Семинарға Павлодарға қарасты мешіттердің 40-тан астам молдалары қатыстырылып дәрістер тыңдап, пікірталас, семинар сабақтары жүргізілмек. Оларға обллыстық орталық мешіттің және қалалық мешіттердің білікті имамдарымен қатар, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстаздары ақида, фиқһ, ислам әдептері т.б басқа да пәндерден бекітілген бағдарлама бойынша арнайы курс- сабақтарын бір ай бойы аптаның дүйсембі,сейсембі, сәрсембі күндері жүргізетін болады.
Оқыту-семинар сабағын ашып сөйлеге сөзінде облыстық өкіл имам Н.Исенов: «Алланың үйі болған мешіттердің шариғи талаптарға сай атқарып жатқан іс-қызметтеріне тұрақты көмек көрсетіп, дәстүрлі дініміздің аясында әдет-ғұрыптарымыздың атқарылуына үлкен қолғабыс жасап келе жатқан қызметші молдалар сіздерге біздің құрметіміз зор. Сіздер қарапайым молда ғана емес, халықтың рухани ұстазысыздар. Хақ дініміздің қадір қасиетін дұрыс түсіндіріп, шариғат талаптарын халқымыздың өміріне дұрыс қалыптастыру үшін ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінен дінтанушы ғалымдар, білімді де білікті имам молдалардың ақыл-кеңесі, ой-пікірлері, ата-бабадан жалғасқан ғұрыптарды негізге ала отырып көптеген пәтуалар жасалып жатыр. Оларды сіздер халыққа дұрыс түсіндіріп жеткізуге тиіссіздер. Біз сіздер арқылы халықты тәрбиелейтін боламыз»,-деді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.05.2015
3295
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру