ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасы негізінде «Дін мен дәстүр» жылына орай Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында, Алакөл ауданының Бас имамы Молдахметов Әнет Омарханұлының ұйымдастуымен Қазақ хандығының 550-жылы, ұлы жеңіске 70-жыл толуы қарсаңында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық турнир болып өтті. Аудандық спорт сарайына жиналған жұрттың қарасы көп болды.
Алғашқы болып сөз алған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сайдильдинов Мақсұт Омарұлы турнирдың ашылу салтанатымен құттықтап,сайысқа келген жасөспірімдерге сәттілік тіледі. Ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Дін мен дәстүрімізді жаңғырту мақсатында көптеген игілікті іс-шаралар атқарып жатқандығын сондай-ақ еліміздің тыныштығы мен береке бірлігін нығайтуда елеулі еңбектер жасап, болашағымыздың жарқын болуына сүбелі үлес қосуда екенін айтты. Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан Ислам дініміз бен салт-дәстүрімізді әрқайсымыз жақсы біліп, қашан да қадір тұтуымыз керек екенін тілге тиек етті.
Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтарымен қоса медальдармен марапатталды.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2015
3382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру