ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты арнайы шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында облысымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қалалық әжелер ансамблі арнайы шақырылып, мешітте дастархан жайылып, Қасиетті Құран бағышталды. Ардагерлерге арналған аталмыш арнайы отырысты облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы ашып, өзі қатысып, аталарымызға деген алғысын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.
Ұлы Жеңісті жақындатып, қан майданда от кешкен аталарымызға деген шынайы көңіл мен шексіз алғысымызды жеткізді. Өз кезегінде қарт майдангерлер де мешіт ұжымына алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2015
3181
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру