Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-ның Өкіл имамы Нұр-Мүбарактың болашақ түлектерімен кездесті

05.05.2015 3909 0 пікір

Биыл Нұр-Мүбарак университетін 100-ден аса ер бала исламтану мамандығы бойынша тәмамдамақ. Болашақ түлектермен ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкіл имамы Әсет Аташов пен оның  жастар ісі жөніндегі орынбасары Қалжан Исламханов жүздесіп, имамдықтың қыр-сырын, маңыздылығы мен жауаптылығына айтып, жұмысқа шақырды. 

«Имамдық қызмет – кез-келгенге бұйыра бермейді. Бұл сұрауы  қаншалықты қиын болса, соншалықты сауапқа тұнған мамандық»,- деп имамдықтың маңызын  еске салған Әсет Қадірақынұлы Нұр-Мүбарак университетінің түлегі  үшін еліміздің кез-келген жеріне барып елдің діни сауатын көтеру Отан алдындағы әрі Алла алдындағы аманат екендігін түсіндіріп бақты.

Ал Алматы облысындағы мешіттердің жастар ісі бөлімінің жетекшісі Қалжан  Исламханов жастарға тақуалық пен білімді  алып жүрудің артықшылықтарына тоқталып: «Кезінде білімді ысырып қойып, тек тақуалықпен дін жаямыз деп керісінше халге ұшыраған христиандар дінді жоғалтты. Бізде де қазір білім жолындағыларды сыйламай, тақуалық деп сырт көрініске ұмтылған отандастарымыз кездеседі. Сондықтан сыртқы  көркемдікпен қатар біліммен қаруалану арқылы жамағатты артыңа ерте аласың»,-деді.

Қазір еліміздің 70 пайызы мұсылмандар болса, намазхандар қатары 1 млн аясында ғана. Ал осы аз ғана мұсылмандардың өзара қырқысуы өзгелердің обалына себеп болары сөзсіз. Дінді уағыздаймыз деп, елді Алланың ақиқат жолынан алшақтатып алмаудың маңыздылығын айтқан Алматы облыстық ҚМДБ-ның өкілдері  әр имамның артында Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен сахабалар тұрғанын ұмытпауы керектігін айтты. Өйткені Ислам діні – сол ұлы тұлғаларымыздың кіршіксіз қызметімен кейінге аманат болған асыл қазынасы болмақ.

Сонымен болашақ түлектер арасынан Алматы облысына жұмысқа қалатындардың тізімі де белгілі болды.

Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру