Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан имамдарының кезекті көшпелі жиналысы 04 мамыр күні Ақсу қаласындағы С.Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайында болып өтті. Жиналыс басталар алдында Ақсу ауданы мәслихатының хатшысы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қатарлы лауазымды тұлғалар арнайы келіп облыс, қала, аудан имамдарына өздері тарапынан ізгі тілектері мен ұсыныстарын айтып, жұмыстарына табыстар тіледі.
Келесі кезекте ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтің басқаруымен жалғасын тапқан көшпелі жиналыс қала, аудан имамдарының 2015 жыл басынан бері ҚМДБ-дан басымдық көрсеткен төрт бағыт бойынша атқарған іс-қызметтерінің есебін тыңдады. Әрбір қала, аудан, ауыл мешіттерінің жыл басынан бері атқарған іс-шаралары барысына толығымен талдау жасалған кесте бойынша имамдарға ескерту жасап, арнайы тапсырмалар жүктеген өкіл имам осы маусымда «Нұр Мүбарак» университеті мен Астанадағы «Әбу Ханифа» медресесі, облысымыздағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне шәкірттер оқыту, сонымен қатар мектеп оқушыларының жазғы демалысында мешіттер жанынан діни сауат ашу курстарын тыңғылықты дайындықпен қарсы алу жұмыстарды басты назарда ұстауды тапсырды. Жиналыс барысында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамдары Н.Манапбаев, Х.Аманқұлов, Д.Байдуллатегі, аппарат басшысы У.Мақұлұлы, Жалпы және жастар бөлімінің басшысы А.Оралхановтар өздерінің жауаптанған қызметтік бөлістеріне орай имамдарға қатысты ескертулер мен тапсырмаларын таныстырды.
Алқалы батамен аяқталған жиналыс Ақсу қалалық №2 мектебінде өткен қала, аудан имамдарының 4 құрама командасы қатысқан волейбол кубогы үшінгі сайысқа ұласып, Ақсу ауданы имамдарынан құралған команданың жеңісімен аяқталды.
Облыс имамдарының келесі көшпелі жиналысы маусым айының басында Железин ауданында өтетін болып келісілді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2015
3732
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру