Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұмадағы жәрмеңке (ФОТО)

04.05.2015 3583 0 пікір

Мамырдың 1-күні "Иманғали" орталық мешітінің ұйымдастыруымен "Сен де үлес қос!" науқаны аясында кезекті қайырымдылық жәрмеңке өткізілді. Әдемі дәстүрге айналған шараға орай мешіт ауласына киіз үй де тігілді.

Жұма намазынан соң, барша жамағат жәрмеңкеге өз үлесін қосуға асықты. Мұқтаж жандарға арнайы көмек беру мақсатында әйелдер жамағаты әзірлеген түрлі азық-түлік  сатылды. Ондағы жиналған қаражат қайырымдылық шараларға жұмсалынатын болады. 

Мешіт ұжымы қайырымдылықтың жоғары деңгейде өтуіне жаппай атсалысқан әйелдер жамағатына ризашылығын білдіреді.

Сонымен қатар, осы күні "Иманғали" орталық мешітінің азаншысы Арман Урумбаев"Атырау қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының" балалар үйіне ат басын тіреп, мешіт тарапынан қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Дін қызметкері қайырымдылық көмек ретінде балаларға түрлі киім-кешектер ұсынып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүздеріне шаттық, көңілдеріне күлкі сыйлады.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру