Ұлы Отан соғысы кезінде жаңбырдай жауған оқтың астында апталап, айлап, тіпті жылдап қан кешіп, мұз жастанып, қар жамылып, қанын төккен аталарымызды, тылда арып-ашып еңбек етіп, осындай өмірге жеткізген аға-аталарымыздың алдында біз өмірбақи қарыздармыз. Өйткені бұлар – нағыз ардагерлер. Ардагер сөзі – құрметті, ардақты, қадірлі, абыройлы, сыйлы адам деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік іс шара өткізілді.
Аталмыш шараға Шымкент қаласындағы ҰОС және тыл ардагерлері қатысты. Іс шара барысында облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек сөз сөйлеп, құттықтады.
Ардагер аталарымыз бен апаларымызға облыстық мешітте арнайы ақ дастархан жайылып, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, зұлымат соғыс жылдары шейіт болған жауангерлердің рухына Құран хатым бағышталды.
Бұл шара облыс көлемде барлық қала, аудан деңгейінде өткізілетін болады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.05.2015
5413
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру