Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ынтымақ мерекесі аталып өтті (ФОТО)

03.05.2015 3517 0 пікір

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Елімізде тәуелсіздік орнап, бейбіт аспан астында көптеген ұлттардың басын біріктіріп, татулықта өмір сүріп келеміз.

Осы күні мемлекетіміз татулық пен бірлікті дәріптеп мерекені салтанатты атап өтті.

Қызылорда қаласының орталық алаңында өткен арнайы ынтымақ мерекесін атап өту шарасына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, өңір тұрғындарына деген игі тілектерін жеткізіп, өңір дамуының бірнеше сатыларына тоқталды.

Аталмыш салтанатты шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров та қатысып, үн қосты.

Бірнеше ұлт пен ұлыстың басын біріктірген, дінаралық татулық орнаған еліміздің діні берік, татулығы тұрақты болсын деп тілек етті. 

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру