Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар үш күндік жалақысын аударды

03.05.2015 3409 0 пікір

Көпшілікке белгілі, төтеннен келген су тасқынынан Қарағанды облысының бірнеше аудандарын су алып, қарапайым халықты әбірге салды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қағиданы ұстанған халқымыз аталмыш апатқа бей-жай қарамай Қарағанды халқына қолдан келген көмектерін көрсетіп, қол ұшын созып жатыр.

Бүгінгі таңда республикамыздың барлық аймағынан тұрғындар мен кәсіпкерлер, ұйымдар мен мекемелер және мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көмектер жіберілгенін бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, білудеміз.

Осы орайда, Сыр өңірінің имамдары да бұл бағытта өз қамқорлықтарын білдіруді назардан тыс қалдырған жоқ.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен облысқа қарасты барлық мешіт имамдары мен орталық мешіт ұжымы 3 күндік айлық жалақыларын Қарағанды халқына көмек ретінде аударды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігімен келіссөздер жүргізіліп, аталмыш қаржыға қиындық көрген тұрғындарға қажетті тұрмыстық қажеттіліктер, азық-түлік және т.б алынатын болады. 

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру