Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көк күмбезі күнге шағылысқан «Иман» мешітіндегі тазалық (ФОТО)

03.05.2015 3067 0 пікір

Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы, орталық «Иман» мешітінің бас имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен орталық «Иман» мешітінің ауласына кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға облыстық әкімшілік, қалалық «Көркейту» мекемесі, және мешіт жамағаттары көптеп келді. Мешіт айналасының тазалығынан кейін, көлемі 3 гектарды қамтитын мешіттің ауласына шырша, алма, шие, сары өрік және тағы басқа да, аулаға көрік беріп тұратын әртүрлі гүлдердің көшеттері отырғызылды.

Игі шараға арнайы келген облыстық «Жетісу» телеарнасының журналистеріне Серікхан қажы Рымханұлы «Тазалық иманның жартысы», - демекші ислам дініндегі тазалықтың орны турасында сұхбат берді.

Сауапты да, шарапатты іске жиналған мешіт жамағаттарына көгалға дастархан жайылып, ас берілді.

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру