Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда "Көрікті мешіт" тазалық шарасы өтті (ФОТО)

03.05.2015 3570 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасының аясында қолға алынған "Көрікті мешіт" атты тазалық жұмысы Атырау қаласында өтті.

Аталған тазалық шараға еңкейген қариядан бастап, еңбекқор жастар жамағатына дейін өз үлестерін қосуға асықты. Осындай ынтымағы жарасқан мешіт қызметкерлері мен жамағаттары қаланың көркі болған «Иманғали» орталық мешітінің ауласын тазартып, ақтау-сырлау жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, алма ағашынан - 70 дана, шырша тұқымдас теректерден - 30 дана көшет отырғызылды. Игі шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, жұмыла жәрдемдескен барша жамағатқа өз ризашылығын білдірді. 

Айта кетейік, қалаға қарасты мешіттерде  де дәл осындай тазалық жұмыстары өткізіліп, дін қызметкерлері өз белсендіктерін танытты.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру