Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО-да "Бірлік" күні тойланды

03.05.2015 2964 0 пікір

Облыстық қазақ драма театрында   Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамын биыл да Ақ Жайық өңірінің жұртшылығы аса қуанышпен, ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Әр ауданның өзге ұлт өкілдерінің  Гала  концерті болып өтті.

Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен,  белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы, облыстық мәслихаттың  депутаттары, өзге ұлт өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналған барша халықты облыс әкімінің орынбасары  Бақтияр Мәкен шын жүректен құттықтап, ынтымағы жарасқан оралдықтардың ортақ игілігі – бейбіт өмір мен ұлтаралық татулық екенін, Қазақстан халықтары Ассамблясының қоғамдық рөлі мен маңызы артып, ұлттар достығы мен бірлігі нығайып отырғанын ерекше ілтипатпен атап, еліміздің басты құндылығы – Тәуелсіздігіміздің тұғырын берік ұстаған көп ұлтты халқымызға бақыт, құт-береке тіледі.

Облыстың әр ауданынан келген өзге ұлт өкілдері  өз  өнерлерін жиналған қауымға ұсынып, көпшілік қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 Орал орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру