ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының 2014-2018 жылдарды «Дін мен дәстүр» жылы деп атауына байланысты ҚМДБ Жастар ісі бөлімінің жылдық жоспары аясында Алматы қаласы жастар бөлімінің өкілдері Бостандық ауданында орын тепкен Әл-Фараби атындағы №145 мектепте оқушылар арасында «Дін мен дәстүр» тақырыбында шығарма жарысын ұйымдастырды. Түрлі сынып оқушыларынан үміткерлер осы тақырыпта шығарма жазып, өнерлерін ортаға салды.
Аталған мектепте оның директоры, ұстаздары, ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы жастар бөлімі өкілдері және оқушылардың қатысуымен марапаттау рәсімі өтіп, үздік шығарма иелері ақшалай сыйлық және мақтау қағаздарымен марапатталды. Марапаттау рәсімі барысында өз ойларын жеткізген жеңімпаздар, осы шығарма бәйгесі арқылы дін мен дәстүр туралы, олардың сабақтастығы жайлы көп пайдалы мағлұмат алғандықтарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Кеш әнұранмен басталып, Отан соғысында иманмен ажал құшқандарға арналып Құран оқылды. Марапаттау мәдени шарамен әрленіп, күй, термелер орындалып, балаларға тәрбиелік мәні мол ғибратты көрініс қойылды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2015
3642
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру