Өздеріңізге белгілі, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастауымен өңіріміздегі жаназадағы орын алып отырған кейбір келеңсіз мәселелер мен ысырапшылықты жою мақсатында біршама насихаттық шаралар бастау алып кеткен болатын.
Дәлірек айтар болсақ жергілікті мешіт имамдары тарапынан мәйітті жерлеуді күттіріп қою, аста төк дастархан жою, салт-дәстүрімізге жанаспайтын әрекеттерді тыю бойынша халық арасында шаралар қолданылып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаппай халыққа насихаттар айтылып келеді.
Күні бүгінге дейін осы бағытта жергілікті облыстық, қалалық, аудандық және республикалық басылымдарда өкіл имам Т.Сейіткәрімұлының «Салтымыздан қашпайық, шариғаттан аспайық» атты мақаласы жарық көріп, тұрғындарға түсіндірілген болатын.
Аймақ бойынша арнайы жұма күнінің уағызы осы тақырыпта болып, мұсылман жамағатқа орын алып жатқан ысырапшылық мәселелері кеңінен сөз болып, шариғат бойынша арнайы үкімдері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы «Өмірдің өзінен...» ток шоуының тақырыбына осы мәселе арқау болып, тұрғындармен тікелей эфирде жүздескен өкіл имам Т.Омаров және мешіт имамдары мен ақсақалдар бұл келеңсіздікке алдағы уақытта тоқтау салынатынын ашық айтты.
Атап айтар болсақ, ендігі уақытта шариғатта негізі жоқ кісі дүние салғанда жарықты өшірмей күндіз-түні шам жағып қою, үйдегі айна беттерін матамен жауып қою, мәйітті жерлеуге асықтырмай күттіріп қою, жаназа шығарылғанға дейін түнімен жанында кісілер күзетіп шығу деген сияқты істер тоқтатылып, мешіт имамдары тарапынан тұрғындардан болған осындай талаптар жүзеге аспайтын болады.
Алла Тағаланың әмірінен асқан ұлы әмір жоқ. Олай болса, салтымыздан қашпай, шариғаттан аспай сақтанғанымыз дұрыс.
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2015
4162
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру