Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін – тірегім, дәстүр - дінгегім (ФОТО)

30.04.2015 3033 0 пікір

Талдықорған өңірі Кербұлақ ауданында «Дәстүрлі діннің құндылықтары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Алматы облыстық Дін істері басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған семинарға елімізге танымал ғалымдар шақырылды. Аталмыш семинардың маңыздылығы – аудан бойынша ел тәрбиесіне қатысты аудан, ауыл әкімдері, мектеп басшылары және дінтану пәнінің ұстаздары, сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Өз кезегімен сөз алған Талдықорған өңірлік өкіл имамы С.Ахмадиев мырза ҚМДБ-ның тарапынан атқарылып жатқан дін мен дәстүрге қатысты істерге де тоқтала кетті.

Семинарға қатысушылар қазіргі таңда мемлекет пен діннің біріге отырып өткізіліп жатқан көптеген істерге өз разылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру