Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған футбол

30.04.2015 3449 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жастармен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі А.Жарқынбековтың ұйымдастыруымен жамағаттар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Аталмыш футбол ойындары Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерейтойына орай өткізілді. Ойынға қала, аудан мешітінің жамағаттарынан құралған барлығы 14 команда қатысты.

Тартысты өткен ойында үздік деп танылған жеңімпаз командалар мешіт тарапынан бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру