Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бірлікті нығайту - адамгершілік парызымыз

30.04.2015 2984 0 пікір

Атам қазақтың: «Дін ұстай алсаң қасиетің ұстай алмасаң қасіретің», - деген нақылы бүгінгі таңда да өзекті. Бұл тіркес қазақтың әуелден мұсылман болғанын ұғындырады. Діни наным-сенім  адамзат руханиятының баға жетпес асыл мұрасы, басты байлығы. Қасиетті жұма күнінің қарсаңында Алматы қаласы «Омар ибн аль-Хаттаб» мешітінің бас имамы Ахметов Қазбек талай мамандарды түлетіп ұшырған қазақтың қара шаңырақ білім ордасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болып, «Бірлікті нығайту - адамгершілік парызымыз» атты дөңгелек үстелдің мәртебелі қонағы болып қайтты. Өз кезегінде сөз алған  бас имам дінде бөлінбеу, жат пиғылды ағымдардың ықпалына түсіп қалудан сақтандырып, еліміздің келешегі ол жастар екендігін баса айтып,  жалынды жастарды жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауға шақырды. «Ол үшін не істеу керек?» - деген сауалға жауап ретінде діни сауалдарды ҚМДБ-ға қарасты мешіттердің имамдарынан алуға кеңес берді.

Дөңгелек үстелге университет қабырғасындағы білікті ғылым докторлары, ұстаздар қауымы, елімізде тұрып жатқан өзге де ұлт өкілдерінің басшылары және университет білімгерлері қатысып өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында  студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып  тұщымды жауап алып ризашылықтарын білдірді.

«Омар ибн аль хаттаб» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру