ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Республика бойынша барлық өкіл имамдарына жүктеген 4 бағыт бойынша атқарылатын тапсырмаларының бірі, қайырымдылық шарасы болатын. Аталмыш сол қайырымдылық шаралар, Қазақстан бойынша жер-жерде кеңінен таралып отыр.
Соған байланысты сәуір айының 28 жұлдызында Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» орталық мешітінде қала жамағатының ұйытқы болуымен «Жақсылықта жарысайық» атты акциясы болып өтті. Бұл акцияға Жезқазған қаласының өкіл имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлы, Сәтбаев қаласының бас имамы Акпаров Қондыбай Серікбайұлы, ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ-нің басшысы міндетін атқарушы Төлеш Қанат Жанділдаұлы және де қала ақсақалдарымен, мешіт жамағаты қатысты. Бұл аталмыш іс-шарада қаланың тұрмысы төмен 50 отбасыға азық-түлік,киім-кешек беріліп,халыққа уағыз насихат айтылып, ақсақалдар соңынан ақ баталарын беріп жатты.
Көңілдерін қуаныш кернеген мұқтаж жандар, мешіт қызметкерлеріне дән риза болып, қуанышпен тарқасып жатты.
Сәтбаев қаласы «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2015
3425
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру