Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы мемлекет пен қоғам. Қоғамымыз бейбітшілікті, ілгерлеушілікті, толеранттылықты қолдайды. Осындай тақырыппен аптаның сейсенбісінде ақпараттық-насихат топ мүшелері ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» мешітінің бас имамы Б.Мансұров, Облыстық дін істер басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының теологы С.Төлегенов Атырау көпсалалы «Болашақ» колледжінде кездесу өткізіп, студенттермен салмақты әңгіме өрбітті.
Бас имам Б.Мансұров: «Жастардың теріс ағымға бой алдыруының негізгі себебі – діни сауатсыздық, ақпараттың жетіспеушілігі және көп нәрсеге немқұрайлы қарау. Олар дін жолына түстім деп ата-анасынан, достарынан, жалпы қоғамнан алшақтап, өз дегенін ғана ақиқат санап, айналасындағыларға, тіпті мешіт имамдарына күдік келтіреді. Мұндай жағдайға тап болмас үшін қоғамға діни сауаттылық қажет»,- деп атап өтті.
Бұдан кейін сөз алған теолог С.Төлегенов ел тыныштығын бағалауға, басшыға бағынуға шақырып, хадистерден тағылым келтірді. «Елге қызмет ету, заңға бағыну - әр азаматтың борышы» - дей келе, жастардың қоғамға қосар алғашқы үлесі - білім алу екендігін түсіндірді.
Кездесу соңында Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен дайындалған "Жастарды алдаған жат ағым" бейнефильмі көрсетіліп, студентердің діни көзқарасын сараптау мақсатында сауалнама жүргізілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.04.2015
3196
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру