Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті еліміздегі Ұлттық аккредитациядан өткен жоғары оқу орыны мәртебесіне ие болды. Аккредитация – белгілі сәйкестікті бағалау саласындағы жұмысты орындауға өтініш берушінің құзыреттілігін аккредитациялау жөніндегі органның ресми тануы.
Ал еліміздегі жоғары оқу орындары әр бес жыл сайын Ұлттық аккредитациядан өтуі тиіс. Соған сәйкес еліміздегі жалғыз жоғары діни білім ордасы Нұр-Мүбарак университеті Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің (БСҚТҚА) инстуционалдық және мамандандырылған аккредитациясынан өте жоғары деңгейді өтті. Еліміздегі жоғары оқу орындары да Ұлттық аккредитациядан өту арқылы толыққанды қызметін жалғастыруға мүмкіндік алады. Институционалдық талаптар бойынша университеттің жұмыс оқу жоспарлары, студентердің білім алу сапасы және оқу орнының техникалық оқу базасы барлығы арнайы талаптардың сүзгісінен өтті. Ал мамандандырылған аккредитация бойынша елімізде алғаш рет осы Нұр-Мүбарак университетінде ашылған «5В021500 - Исламтану» мамандығының оқу жүйесі сараланды. Студенттердің білім алу барысы, оқу бағдарламалары мен пәндері, өздік жұмыстары, дипломдық тақырыптар, магистрлік ғылыми-зерттеу жұмыстары және докторлық диссертациялардың зерттелу барысы барлығы сарапшылардың талабынан шықты.
Нұр-Мүбарак университетінің Ұлттық аккредитациядан өтуі тек оқу орны үшін ғана емес бүкіл еліміз үшін сүйінші хабар деуге болады. Өйткені еліміздегі ғана емес ТМД көлемінде ислам ілімі бойынша үш сатылы яғни бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша жүйелі білім беретін жоғары білім ордасы осындай мемлекеттік талаптарды орындау арқылы ары қарай дамуға жолдама алмақ. Ұлттық аккредитациядан өтіп, болашаққа сенімі нығая түскен Нұр-Мүбарак университеті енді алдағы талапкерлерді қабылдау науқанына жауапкершілікпен кірісе бастады.
Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2015
3155
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру