ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың бастамасымен «Дін және дәстүр жылы» аясында ОҚО, Кентау қаласы, «Кентау қалалалық» орталық мешітінде жоғары деңгейде қала көлемінде Наурыз мерекелік іс – шарасы болып өтті.
Іс-шара Кентау қаласына қарасты мешіттердің жамағаттары, ақсақалдары, Кентау қаласының зиялы азаматтары, жалпы халық және БАҚ құралдары қатысуымен өтті. Іс-шараға арнайы жоспар түзілді; Құран жарысы, спорттық ойындар (арқан тартысы, қол күрес, гір көтеру), дарбаз ойындары өткізілді. Халыққа дастархан жайылып, ұлттық тағам наурыз көже таратылып үлкен ас берілді.
Кентау қаласына қарасты мешіттердің жанындағы сауаташу курстарында білім алып жатқан шәкірттер арасында «Құран жарысы» өткізілді. Шәкірттер екі топқа бөлініп, бір және жарты парадан жарысқа түсіп, қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды, ал жүлделі орын алған қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Және де спорт ойындарына сайысқа түскен әр-бір қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.
Биылғы жыл Қазақстан ассамблеясы жылы болуына орай ұлтаралық татулықтың нышаны ретінде қаламыздағы ынтымағымыз жарасып отырған өзбек ұлтының өнерпаздары өз өнерлерін (дарбаз, сырнай) халыққа паш етті.
Жиын барысында жиылған жамағатқа ұлағатты уағыз-наситтар айтылып, соңында құран оқылып барша өткен мұсылмандардың рухына бағыштап дұға жасалды. Халық дән риза хәлде тарады.
ОҚО, «Кентау қалалалық» орталық мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2015
3369
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру