Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өткенге құрмет – елге құрмет (ФОТО)

29.04.2015 3645 0 пікір

Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» мешіті және оның Бас имамы Данияр қажы Жұмабаевтың бастамасымен жылдан жылға түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, дәстүрлі түрде қолдауға ие болып келеді. Солардың бірі аталмыш тақырыпта жыл сайын көкек айының соңғы сенбісінде өтетін Жамбыл топырағында орналасқан зираттарды тазалау жұмыстары.

Осы сенбілік барысында сәуірдің жиырма төртінші жұлдызы, жұма намазынан кейін Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы дүниеден өткен барша әруақтарға Құран оқып, дұға жасаса, сәуірдің жиырма бесі Тараз шаһарының имам-молдалары және мешіт жамағаты бір ауыздан жиналып, қала маңындағы «Тектұрмас» зиратының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға белсене араласқан жамағат зираттың іші-сыртын ретке келтіріп, жұмыс облысымыздағы басқа да зираттарды тазалаумен жалғасын тапты.
Сондай-ақ, Данияр қажы Жұмабаев жиналған жамағатқа зират әдептері мен тәртіптерін түсіндірді. Сенбілік соңында барлық әруақтарға арнап Құран оқылып, дұға бағышталды.

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру