Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Депутат Алматы қаласының имамдарына алғыс айтты

29.04.2015 3465 0 пікір

Қарағанды облысындағы тасқын судың зардабын шеккен халыққа ел болып көмек қолын созуда. Ауыр жағдайда гуманитарлық көмек жөнелткен Аламаты қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбетке және қала имамдарына Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты А.Б Тукбаева ризашылығын білдіріп, алғыс хат жолдады.

«Сіздер ел мүддесіне ортақтасып, біздің аймақтың, атап айтқанда, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қарасу, Қошқар, Нарманбет, Айыртас ауылдарының зардап шеккен тұрғындарына моральдық, материялдық көмек көрсеттіңіздер. Қатерлі жағдайдан тез шығу үшін әр қазақстандық азамат жанашырлық танытып, мүдделес болуы және қатерге қарсы тұруда шұғыл әрекет етуі адами мұратымыз, азаматтық борышымыз деп білеміз», – делінген алғыс хатта.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жолы апаттан зардап шеккен қарағандылықтарға Алматы қаласының жамағаты мен дін қызметкерлері 20 тонна тұрмыстық заттар мен азық-түлік керуені жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Сонымен қатар, қайырымдылық шарасына белсенділік танытқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Қайырымдылық керуені» акциясын ұйымдастырып,  табиғи апттан зардап шеккен өңірге 110 тонна азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмыстық заттар табыс етті.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру